Қызметкерлердің денсаулығы олардың күн сайын еңбек ететін жағдайлардан қалыптасады. Көптеген ұйымдар жұмысшылардың өзін нашар сезінуі тек зиянды өндірістік факторлармен емес, жұмыс ортасының дұрыс ұйымдастырылмауымен де байланысты екенін байқап отыр.
Бір қарағанда елеусіз көрінетін – нашар ауа, қолайсыз жұмыс орны, жоғары шу, температураның күрт өзгеруі немесе тұрақты күйзеліс – осындай факторлар кәсіби және жұқпалы емес аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.
Бұл жағдайлар күнделікті әсер еткен сайын еңбек өнімділігі төмендейді, ауруға байланысты демалыстар көбейеді, қызметкерлер тез шаршап, жұмысқа деген ынтасы жоғалады.
Осы себепті «Салауатты жұмыс орындары» жобасы енгізілуде. Бұл – жұмыс ортасын жақсартуға, аурулардың даму қаупін азайтуға және қызметкерлердің денсаулықты ұзақ мерзім сақтай алатын жағдайларды қалыптастыруға бағытталған тиімді тәсіл.
«Салауатты жұмыс орындары» жобасы не үшін қажет?
Жоба кәсіпорындарға жұмыс үдерістеріне жаңаша қарауға мүмкіндік береді: проблемалар туындағаннан кейін емес, оларды алдын ала болдырмау қағидатына негізделеді. Қызметкерлердің денсаулығы жақсы болған сайын, ұжым тұрақты жұмыс істейді және ұйымның дамуы да соғұрлым қарқынды болады.
Жобаға кімдер қатыса алады?
Қызметкерлері мен жұмыс орындары бар кез келген ұйым жобаға қатыса алады.
Негізгі қатысушы санаттары:
Қосымша ақпарат пен «Салауатты жұмыс орындары» жобасының материалдарын алу үшін Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жүгіне аласыз.