Микробқа қарсы препараттарға (МҚП) төзімділік туралы дүниежүзілік апталық 2025 жылғы 17-23 қараша аралығында өткізіледі. Бұл МҚП проблемасын білу мен түсінуді ынталандыруға арналған жыл сайынғы жаһандық науқан.
2015 жылғы мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының алпыс сегізінші сессиясында антибиотиктерге және басқа да микробқа қарсы препараттарға төзімділіктің өсіп келе жатқан проблемасын шешу жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспары мақұлданды. Жоспардың негізгі мақсаттарының бірі - тиімді коммуникация, білім беру және оқыту арқылы микробқа қарсы тұрақтылық туралы хабардар болу.
МҚП проблемасы бәрімізге қатысты! Ол адамға, жануарларға, өсімдіктерге және қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Мамандардың пікірінше, осы жаһандық міндетті шешу бүкіл әлемде инфекциялық ауруларды емдеу үшін антибиотиктерді тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
МҚП бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және паразиттер микробқа қарсы препараттарға әрекет етуді тоқтатқанда пайда болады. Дәрiлiк тұрақтылықтың дамуы нәтижесiнде антибиотиктер мен басқа да микробқа қарсы препараттар тиiмсiз болып, инфекцияларды емдеу қиындайды немесе мүмкiн болмайды, бұл аурудың одан әрi таралу, ауру мен өлiмнiң ауыр түрлерiнiң даму қаупiн арттырады.
Антибиотиктерді қолдану өзіңізге байланысты!