Азық-түлік сатып алу кезінде неге назар аудару керек?
Карантин кезеңінде үйде көп уақыт өткізуге тура келеді, адамдар аз қозғалады және аз энергия жұмсайды.
Қосымша салмақ жинамау үшін күнделікті тамақ мәзірін жасауды ұтымды пайдалы ету керек. Артық салмақ көптеген ауруларды тудыруы мүмкін және өнімді сатып алу кезінде мынаны есте ұстаған артық болмайды:
- азық-түлік дүкендері тұрақты режимде жұмыс істейтіндіктен және негізгі азық-түлік өнімдерінің азаймайтын көлемі болғандықтан, болашақта азық қорларын жасау немесе азық-түлікті алдын ала көп сатып алу ұсынылмайды. Сонымен қатар, мерзімі өткен - жарма, жаңғақ, кептірілген жемістергде зиянкестер дамып, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін;
- сатып алуды жоспарлау кезінде күнделікті тұтыну нормаларын ескере отырып, барлық отбасы үшін толыққанды рационалды тамақтану үшін ұсынылатын бірінші қажеттілік өнімдерінің тізімін жасау керек;
- зауыттық қаптамамен және оралған өнімдерге артықшылық беріңіз, әсіресе егер сіз оларды термиялық өңдеусіз қолдануды жоспарласаңыз;
- қаптаманың тұтастығына ерекше назар аударыңыз. Тауарларды жыртылған пакеттерде немесе зақымдалған қораптарда қабылдамаңыз - бұл өнімдердің микроорганизмдермен ластануының қосымша қаупі болуы мүмкін;
- аллергиялық реакция тудыруы мүмкін өнімдерді сатып алмау үшін таңбалауды мұқият оқып шығыңыз, өндіріс мерзімі мен жарамдылық мерзіміне, сақтау шарттары мен құрамына назар аударыңыз;
- өнімнің сауда желісінде қандай жағдайда сақталатынына және олар өндіруші таңбалауда көрсеткен температуралық режимге сәйкес келетініне назар аударыңыз;
- тауарлық көршілестікті сақтау принциптерін есте сақтаңыз: тұтынуға дайын өнімдер шикізатпен бірге бір сөреде (және азық-түлік арбасында) орналастырылмауы керек, соның салдарынан дайын өнімнің ластануы орын алады және тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың тіркелу жағдайы орын алады;
- үлкен азық-түлік дүкендерінде немесе гипермаркеттерде көкөністер мен жемістерді таңдағанда, бір рет қолданылатын қолғапты қолданыңыз немесе қолыңызды целлофан сөмкесімен ораңыз. Үйге келгенде жемістер мен көкөністерді ағынды су астында жақсылап жуыңыз;
- дүкендерге қысқа мерзімге барғанның өзінде маска киіп, ара қашықтықты ұстай отырып, санитарлық қорғау шараларын сақтаңыз. Мысалы, супермаркетте сауда арбасының немесе себеттің тұтқасын дымқыл шүберекпен сүрту немесе оны қолғаппен ұстау керек; өнімдерді таңдағанда алдымен ұзақ сақтау мерзімі бар өнімдерді, ал ең соңында тез бұзылатын тауарларды, тіпті мұздатқыштарда жатса да алу керек.
Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда!