Бүгінгі таңда бірде-бір адам тұрмыстық техникасыз, ұялы телефондарсыз, теледидарлар мен компьютерлерсіз жүре алмайды. Біз оларға үйреніп қалдық және кез-келген электрлік құрылғының айналасында электромагниттік өріс пайда болады деп ойламаймыз. Ол көрінбейді, бірақ кез-келген тірі ағзаларға, оның ішінде адамға да әсер етеді.
Дербес компьютерлер үйдегі ең маңызды нәрселердің біріне айналды. Электромагниттік сәулеленудің көзі болып табылатын монитордың сәулеленуі ең қауіпті деп саналады. Бірақ, 5-7 жыл бұрын шығарылған ескі мониторлар ғана қауіпті болуы мүмкін. Олар төмен жиіліктегі электромагниттік сәулелену көздері болып саналады, бірақ басқа электр құрылғыларынан артық емес. Микротолқынды пештер өзінің зиянды әсері бойынша компьютерлермен бірдей деңгейде. Микротолқынды пештің жұмысы кезінде қоршаған кеңістікте төмен жиілікті сәулелер 1,5-2 метр қашықтықта таралады. Бүгінде, смартфондар мен планшеттер біздің қолдан ажырамайды.
Электромагниттік өрістер адамдарға әсерін тигізеді. Электромагниттік өрістердің өте ұзақ, тұрақты және жоғары деңгейде әсер етуі келесіге әкелуі мүмкін: қатты шаршау, ұйқының бұзылуы, бас ауруы, қысымның төмендеуі, пульс жиілігінің төмендеуі, орталық жүйке жүйесі ауруларының дамуы, аллергиялық реакциялар.
Электромагниттік өрістің әсерін толығымен жою мүмкін емес, бірақ, адамның ағзасына әсер ету деңгейін азайтуға болады, егер бірнеше қарапайым ұсыныстарды орындаса:
- Компьютерлермен жұмыс жасау кезінде уақыт пен қашықтықты сақтау, яғни компьютерде жұмыс істеу уақыты неғұрлым аз болса, оның әсері соғұрлым аз болады.
Монитордан қашықтық алыс болса, электромагниттік өрістің әсер ету күші аз болады;
- Үйде демалуға арналған жиһаздың электр құрылғыларынан 2-3 м қашықтықта орналасуын қамтамасыз ету;
- Тұрмыстық техниканы сатып алу кезінде құрылғылардың санитарлық талаптарға сәйкестігі туралы ақпаратқа назар аударыңыз;
- Қуаттылығы аз құрылғыларды қолданыңыз;
- Ұялы телефондарды денеге жақын ұстамаңыз және ұйықтаған кезде оны жастықтың астына ешқашан қоймаңыз.
Дендеріңіз сау болсын және жақындарыңызды сақтаңыздар!