Меню

Страницы

Статья

Кішкентай биттер туралы

                                                             

                                                                        Биттер - бұл паразиттер.

       Ең көп кездесетін биттер - бұл бас биттері, дегенмен әлі күнге дейін жыныстық және денелік биттер бар, бірақ олар қазіргі таңда өте сирек кездеседі.

       Бас биттері - бұл қанды соратын паразиттер, олар бас терісінде өмір сүреді және қоректенеді. Бұл нақты паразиттердің түрі, яғни тек адамның басында өмір сүретін адамның бас биттері. Биттер мен сіркелер кез-келген адамда пайда болуы мүмкін. Бұл жасына, жынысына, әлеуметтік мәртебесіне немесе өмір салтына байланысты емес. Биттер бір адамнан екіншісіне ауысуы үшін сізге  50 см-ден кем емес жақын байланыс қажет. Сондай-ақ, Сіз жұқтырған адамның заттарын - тарақ, сүлгі, бас киім, төсек-орын жабдықтарын қолдансаңыз, битті жұқтырып алуыңыз мүмкін.

         Ересек биттер, оның  личинкасы (нимфа) және кокондағы личинкасы (сірке) былай әсер етеді:

       Бас биттері педикулезді тудырады. Бұл аурудың өзі жағымсыз болып келеді. Шаққан орны қышып, адам жараларды тырнап алады. Ол жара жұқтырылуы мүмкін және оның жазылуы үшін ұзақ уақыт қажет. Сондай-ақ, шағулар аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. Емдемеген жағдайда биттер тоқтаусыз көбейе түседі. Қатты зақымдалған бас терісінде және шашта көптеген іздер қалады, мәселен: олардың денелері, қынаптардың бос қабықтары, экскременттер, сілекей. Мұның бәрі шашты жабады, орайды, жағылады, жағымсыз иіс пайда болады.

        Педикулезді жұқтырудың алдын-алу:

       Жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау: тұрақты су процедуралары

(аптасына кемінде 2 рет душ немесе ванна), төсек-орынды апта сайын ауыстыру, оны жоғары температурада жуу, киімді ыстық үтікпен үтіктеу, әсіресе тігістер, шаш күтімі, сақал, интимдік гигиена.

       Тек жеке тарақты қолдану, тарақты басқаларға бермеу.

       Қайта жұқтырудың алдын алу мақсатында жұқтырған кезде пайдаланылған заттарды (бас киімдер, сүлгілер, төсек-орын жабдықтары, капюшондары мен жағалары бар киімдер, жұмсақ ойыншықтар) қайнату.

       Балаларды үнемі тексеріп отыру керек, әсіресе ұзақ сапарлардан немесе адамдар көп жиналатын іс-шаралардан кейін. Биттердің болуын тексеру үшін басыңызды ашық матаның үстіне тараңыз.

       Ең бастысы педикулезді анықтаған кезде - бұл проблемаға көз жұмбау, қайта олармен бірден күресуді бастау, өйткені уақтылы қабылдаған шаралар тез әрі денсаулыққа зиян келтірместен биттен арылтады.

Дата публикации
27 августа 2020
Дата обновления
27 августа 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы