Астана қаласында 2024 жылы 20 қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы жоспарлы вакцинация және 12 және 13 жасқа толып жатқан қыздарға вакцинация басталды.
АПВ-на қарсы вакцинация мектептерде 2 рет 6 айдан кейін жүргізіледі. Қазақстанда иммундау үшін АПВ онкогендік түрлеріне қарсы 4 валентті "Гардасил" (АҚШ өндірген) вакцинасы қолданылады: 6, 11, 16 және 18 түрлері.
2024 жылдың қорытындысы бойынша елордада бірінші дозамен 6091 қыз вакцинацияланды, оның ішінде жоспарлы вакцинациямен 11 жастағы 3187 қыз қамтылды, 12-13 жастағы 2904 қыз иммундаудан өтті. Иммундаудан кейін вакцинация алғандар арасында қолайсыз көріністердің тіркелмегенін айтамыз.
Жатыр мойны обыры (ЖМО) – жатыр мойны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. ЖМО қазақстандық әйелдерде кең таралған онкологиялық аурулардың бірі болып саналады және онкопатология құрылымында сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр. Бұл адам папилломавирусына қарсы жоспарлы вакцинация арқылы алдын алуға болатын онкологиялық аурудың жалғыз түрі.
90-95% жағдайда жатыр мойны обырының даму себебі онкогендік типтегі адам папилломавирусы – 16 және 18 түрлері екені дәлелденді.
Жатыр мойны обырының дамуы көпжылдық, сатылы, ұзақ процесс. Қалыпты жасушалардың АПВ вирусын жұқтырған сәттен бастап оларды қатерлі ісікке дейінгі және одан әрі рак клеткаларына ауыстырғанға дейін орта есеппен 15 жыл қажет.
65-80% жағдайда жатыр мойны обыры әйелдердің жас, әлеуметтік белсенді, бала туу жасында - 25-40 жаста анықталады. Статистика бойынша жыл сайын "жатыр мойны обыры" диагнозы 1900 әйелге қойылады, жыл сайын осы аурудан 600 қазақстандық қайтыс болады. Сондықтан АПВ-ға қарсы жоспарлы түрде, ерте жаста егу маңызды. Вакцина көптеген ондаған жылдар бойы тиімді болады, бұл өмір бойы қорғауды қамтамасыз етеді.
Вакцинада тірі папиллома вирустары жоқ, тек вирустың ақуыздары бар, сондықтан ол қауіпсіз және қатерлі ісік тудыруы мүмкін емес.
Адам папилломавирусына қарсы вакцина әлемде 2006 жылдан бастап, әлемнің 135 дамыған елінде қолданудың көп жылдық тәжірибесі бар, сондай-ақ ТМД елдерінде (Армения, Грузия, Молдова, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстан) бірнеше жыл бойы қолданылып келеді.
Құрметті ата-аналар - қыздарыңызды алдын ала қорғауға қамқорлық жасаңыз және жоспарлы АПВ қарсы вакцинасын алыңыз - тегін!