Меню

Страницы

Статья

Туберкулездің алдын алу

Туберкулездің алдын алу

            Туберкулез – жұқпалы ауру.  Бұл аурудан толық айығуға мүмкіндік бар. Бірақ туберкулездің асқынған, қиын емделетін түрінің кездесуі өз денсаулығына немқұрайлы қараудың бір себебі болып табылады.

        Туберкулез ауруының алғашқы белгілерінің бірі – дене қызуының көтерілуі. Дене қызуымен қатар туберкулезбен ауырғанда тершеңдік пайда болады, әркез шаршағыш болып, әлсіздік басымдана түседі, салмағы тез түсіп, асқа деген тәбеті нашарлайды, жөтел пайда болады.  Туберкулездің таралу жолдары: қарым-қатынас пен ауа арқылы жұғады.

             Қарым-қатынас арқылы таралу жолында науқастың киімдері (киім, төсек орын, сүлгі, ыдыстар) аурудың көзі болып табылады. Науқас адамдардың қоғамдық орындарға баратындарын ескеру керек, тұрғындар арасында туберкулездің алдын алу үшін, ыдыс-аяқты дұрыс жуу өте маңызды. Сусындарды сату кезінде (газдалған су, шырын, сыра, квас және т.б.) стакандарды мұқият жууды талапқа қою қажет, ал негізінде ең дұрысы – бір рет қолданылатын ыдыстарды пайдалану.

            Көптеген адамдардың организмі туберкулезге табиғи қарсы тұра алатындықтан, организмге туберкулез таяқшасы түссе де, көбі ауырмайды. Организмнің туберкулезге табиғи қарсылығын арттырудың бірден бір жолы: еңбек және демалыс тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану, спорт және дене шынықтырумен айналысу, организмді шынықтыру. Адам организміне маңызды осындай іс-шаралардан бас тартпау әрбір азаматтың парызы. Салауатты өмір салтын сақтамайтын, алкогольді, есірткіні пайдаланатын, ұйқының бұзылуы, стресстік жағдайы бар, иммунитеті төмен адамдар тез ауруға шалдығады.

         Салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттермен күресу – аурудың алдын алудағы маңызды кезеңдер. Алайда, жұқпаның көп таралу жағдайында бұл да жеткіліксіз. Балаларды  туберкулезден сақтау мақсатында туберкулезге қарсы вакцинация сәбиге перзентханада жасалса, иммунитетті жоғарылату мақсатында бала мектепке барғанда  6-7 жаста қайта жасалады. Туберкулездің алдын алу мақсатында жүргізілетін флюорографиялық тексерістер ауруды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан 15 жастан жоғары жасөспірімдер мен ересектер жылына бір рет флюорографиялық тексеруден өтулері қажет.

           Есте сақтаңыз! Туберкулез дер кезінде анықталса емделеді. Әрбір адамның денсаулығы өз қолында! Денсаулығымызға абай болайық!

 

Дата публикации
08 июня 2020
Дата обновления
08 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы