Меню

Страницы

Статья

Тырысқақ. Алдын алу шаралары

      Тырысқақ - бұл асқазан-ішек жолдарының жедел инфекциясы. Тырысқақ адамға тез  жұғу және адам ағзасына тез бейімділуімен ерекшеленеді.          

      Инфекцияны жұқтырған немесе ауру адам инфекция көзі болып табылады. Адам ағзасынан тырысқақтың қоздырғышы нәжіспен және құсықпен шығады.

     Инфекция адамға тырысқақ вибриондарымен ластанған тамақ өнімдерін, сапасыз суды тұтынғанда жұғады, сондай-ақ лас қолдар арқылы да беріледі.

     Инкубациялық кезең (инфекциядан бастап алғашқы белгілер пайда болғанға дейін) 3-5 күнді құрайды. Тырысқақ нәжіспен, құсумен сипатталады. Нәжіс күріш сорпасына ұқсайды. Бірте-бірте науқаста әлсіздік, бас айналу пайда болады. Сусыздану тез дамиды, температура әдетте қалыпты немесе төмендейді. Тырысқақ ішектің бұзылуының жеңіл түрінде өтуі де  мүмкін. Ем қабылдамаған жағдай - өлімге әкелуі мүмкін.

      Тырысқақтың алдын алу:

 -  жеке гигиена шараларын сақтау (тамақтанар алдында, дәретханаға

     барғаннан кейін қолды сабынмен жуу);

-   жемістер мен көкөністерді қауіпсіз сумен мұқият жуу;

-   зауытта қайнатылған суды, сусындарды тұтыну;

        -    тек рұқсат етілген жерлерде шомылу (ауызбен суды жұтуға болмайды).

        ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Медициналық көмекке ертерек жүгіну тырысқақты уақтылы тиімді емдеуге және осы қауіпті жұқпалы аурудың қолайсыз нәтижесін болдырмауға мүмкіндік береді.

Дата публикации
25 мая 2023
Дата обновления
25 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы