Меню

Страницы

Статья

Денсаулық пен гигиена !!!

Гигиенаның денсаулықпен қандай байланысы бар екенін бәрі біледі, бірақ қаншалықты керек екенін білгенше қажет болған емес. Ата-аналар тамақтанар алдында балаларын қолдарын жууға үйретеді, сондай-ақ оларға тістерін щеткамен тазалауды, яғни тісін тазалау-ауыз қуысының гигиенасы үшін маңызды екендігін түсіндіреді, алайда олар құрттардан басқа, ішек таяқшалары, тіс жегі және пародонтоз ауруларын қоспағанда, балаларына денесінің тазалығын ескермейтін болса, қандай аурулармен ауырып, қандай аурулардың пайда болатынын айтпайды, өйткені ата-аналар мұндай санитария тақырыбында ақпараттарды көп біле бермейді.

Бала кезінен бастап біздерге кешке ваннаны қабылдау әдетін үйретеді. Сондықтан да балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы, сондай-ақ кез-келген ересек адам күнделікті душты қабылдауы тиіс, өйткені ол денені таза ұстауға көмектеседі және жағымсыз, емделуі қиын ауруларды тудыратын микробтар мен паразиттерді терісінен ағызып тастайды. Сондай-ақ жеке гигиена тағамға қатысты ережелерді де қамтиды, яғни өнімдерді жуу, оларды дұрыс сақтау және өңдеу, жарамдылық мерзімін сақтау. Тамақ ішер алдында қолды жууды ұмытпау қажет. Ауыз қуысының гигиенасына тағы да назар аударамыз - балаларға алғашқы сүт тістері пайда болған сәттен бастап, тісін тазалауды үйрету керек. Ауызды шайып, тіс жіпті пайдалану, паста мен тіс щетканы уақытында ауыстырып отыру, тіс дәрігеріне үнемі бару маңызды.

    Жеке бас гигиенасы.

Душты күн сайын қабылдау қажет. Ең жақсысы мұны таңертең және кешке қабылдау. Су температурасы денеден бір-екі градусқа артық болуы керек. Аптасына бір реттен артық ыстық ваннаны қабылдауға болмайды. СӨС сізді тек ояту қабілетіне ғана емес, иммунитетті көтеру, терінің ерте босаңсуын, целлюлиттің пайда болуын және т. б. болдырмау үшін контрасты душты насихаттайды. Душ қабылдағаннан кейін таза киім кию керек. Бас жуу жиілігі шаштың түріне байланысты. Су температурасы 50-55 0с диапазонында болуы қажет. Шашты үнемі өзіңіз дайындаған шөптің тұнбаларымен шаю жақсы нәтиже береді. Шашыңызды соңғы  шаю кезінде бірақ бірте-бірте градусты төмендете отырып, суық сумен шаюға үйретіңіз -  бірден "мұз" температурасынан бастау қажет емес. Бұл сондай-ақ денені шынықтыру және шаштың күтімі үшін өте пайдалы.

Дата публикации
05 июня 2020
Дата обновления
05 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы