Меню

Страницы

Статья

Сары безгекке қарсы вакцинация

         Жыл сайын отандастарымыз тікелей бара алатын елдердің саны артып келеді.

       Ақпарат үшін – Африка мен Оңтүстік Американың бірқатар елдері (Ангола, Бенин, Буркина-Фасо, Бурунди, Габон, Гана, Гвинея-Бисау, Камерун, Кот-д'Ивуар, Конго, Либерия, Того, Мали, Нигер, Руанда, Сьерра - Леоне және т.б.)  кірген кезде халықаралық сертификатты және сары безгекке қарсы вакцинацияны ұсынуды талап етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары аталған елдерге кірген кезде сары безгекке қарсы вакцинациялау міндетті болып табылады.

        Бұл қандай ауру?

        Сары безгек – тропиктік және субтропиктік елдерде жиі кездесетін, адамнан адамға масаның шағуы арқылы берілетін жедел вирустық ауру. Оны «сары» деп атайтын себебі кейбір науқастарда сарғаю пайда болады. Симптомдары: дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, ауыз қуысында, асқазан мен ішектен қан кету жағдайлары  сарғаюмен жалғасады. Бауыр мен бүйрекке әсер етеді. Сары безгегі - өлімнің жоғары пайызы бар ең қауіпті инфекциялық аурудың бірі.

        Вакцинация - сары безгектің алдын алудың бірден-бір маңызды шарасы. Ол қауіпсіз және жоғары тиімді  иммунитетті қамтамасыз етеді. Вакцина сары безгегі үшін қолайсыз елдерге баруға  10 күн қалғанға дейін кешіктірілмей   екпені қабылдау қажет. Екпе енгізілген адамға сары безгекке қарсы вакцинация қабылдағаны туралы халықаралық сертификат беріледі. Вакцинациядан кейінгі иммунитет 10 жылға созылады, қажет болған жағдайда бірінші вакцинациядан кейін 10 жылдан кейін қайта вакцинация жүргізіледі. Сондықтан халықаралық сары безгекке қарсы вакцинация сертификатын сақтаған жөн. Вакцинация кезеңі вакцинациядан кейінгі 10-шы күннен басталады, бұл кезең ағзаның иммунитетін дамыту үшін қажет, сондықтан егулерді кетуге дейін соңғы күндерге қалдыруға болмайды. Вакцинаға реакция сирек кездеседі, әлсіздік пен жеңіл қызба пайда болуы мүмкін.

         Өкінішке орай, бұл ауруға қарсы вакцинация Қазақстанда жүргізілмейді, көршілес елдерде – Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасында сары безгекке қарсы егу қызметін көрсететін медициналық ұйымдарды ұсынамыз.

Бұл ретте, сары безгекке қарсы екпе алу үшін сізде ешқандай қарсы көрсетілімдер (екпелерге рұқсат) жоқ екенін растайтын төлқұжат пен емдеуші дәрігердің анықтамасы өзіңізбен бірге болуы қажет екенін білу керек.

Сары қызбаға қарсы екпені қабылдауға болатын медициналық ұйымдардың тізімі:

Ресей Федерациясы:

  Москва қаласы:

  1. ГКУЗ №1 Инфекциялық клиникалық аурухана — Волоколамское тас жолы, 63 үй. тел. (495) 9424839;
  2. ГБУЗ №25 Қалалық емхана, филиал №2 – Трубная көшесі, 19 үй, стр.1. тел. (495) 621-94-65, 495 621 83 39;
  3. ГБУЗ «Москва қаласының Денсаулық сақтау басқармасының медициналық профилактика орталығы» - Маршал Бирюзов көшесі, 39 үй.  тел.(499) 194 03 83
  4. РФ Президенті іс басқармасының ФГБУ «№1 емханасы» - Сивцев Вражек қысқа көшесі, 26/28 үй. Тел (.499) 241 12 62, (495) 620 81 01;
  5. Ресейдің ФГБУЗ ЦМСЧ №165 ФМБА егу кабинеті — Каширское тас жолы, 13-Г үй. тел.(499) 506 69 68, (499) 611 23 83;
  6. Инфекциялық клиника H-Clinic  +7 (495) 191-16-50, Москва қаласы,  8 Март көшесі, 6А үй, стр. 1.

                                                                                                                                                                                                                                                                   Санкт-Петербург қаласы

  • ID-CLINIC медицина орталығы -  Иван Черных көшесі, 25А үй. Тел. +7 (812) 561-61-14 info@id-clinic.ru:
  • "Медкомиссия №1" медицина орталық жүйесі. Тел. +7 (812) 380-82-54.

 Свердловск облысы - «Новая больница» иммунопрофилактика орталығы, адрес: Екатеринбург қаласы, Заводская көшесі, 29 үй (тел.: (343)2464934, (343)2464934);

Новосибирск облысы - ООО «НовоМед», адрес:  Новосибирск қаласы,  Нарымская көшесі, 11 үй (тел.: (383)2271961, (383)3750797).

Удмурт Республикасы.  «Удмурт Республикасының ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес орталығы» 426067, Ижевск қаласы, Труд көшесі, 17 А үй.

Ростов-на-Дону қаласы. Соколов көшесі, 84/302 үй.  «Симплекс» медициналық қарау орталығы. Тел. +7 (863) 333-22-82

Челябинск қаласы.  №1 Қалалық клиникалық орталығы. тел.  +7 (351) 700-24-99. mail@gkb1-74.ru, gkb1.oo@yandex.ru

Тюмень қаласы.  ГБУЗ «Облыстық клиникалық ауруханасы», 625023,Тюмень қаласы, Котовский көшесі, 55 үй. Тел. 8 (3452) 28-77-31, 28-77-01; e-mail: tsergeeva@tokb.ru

Қырғыз Республика.  «ЦАДМИР» медицина орталығы. Бишкек қаласы,  Московская көшесі, 225 үй (Бейшеналиева көшесімен қиылысады, Ош базары жанында, № 2 перзентхана аумағында). Регистратура-тел. (0312) 65-95-77;  сот.телефон: 0556-65-95-77.

 

 

 

Дата публикации
02 мая 2023
Дата обновления
28 апреля 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы