Меню

Страницы

Статья

Бруцеллездің алдын алу шаралары

     Бруцеллез - адамға ауру жануардан берілетін жұқпалы ауру, аурудың қоздырғыштары -бруцелла бактериялары. Адамнан адамға бруцеллез берілмейді, сондықтан науқасты оқшаулау қажет емес. Бруцеллез ауруы адам ағзасының барлық мүшелерінің ауыр ағымымен және зақымдалуымен сипатталады.

       Мал шаруашылығы және жеке  шаруашылықтарда  адамдарға бруцеллез ауруы негізінде  жануарлармен байланыста болғанда, жануарларды күту-бағу, тексеру, сиыр, ешкі сауу, қой қырқу, мал төлдегенде көмек көрсету, малды сою процесінде  жеке гигиена сақталмаған кезде орын алады. Қалалық жерлерде бруцеллез инфекциясы сертификатталмаған ет-сүт өнімдерін сату кезінде, сондай-ақ қайнату немесе пастерлеумен зарарсыздандырылмаған өнімдерді тұтыну кезінде пайда болады.

         Аулалар мен жолдардағы саудагерлерден "жаңа сауылған" сүтті және басқа да "табиғи, химиясыз" өнімдерді сатып алғанда, көптеген адамдар өздерінің денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін білмейді. Сертификатталмаған өнімдер көбінесе үлкен қауіпті – бруцеллез инфекциясын жасырады.

        Бұл аурудың басты қаупі - ол дененің барлық жүйелерін: жүрек, тыныс алу,  жүйке және басқа органдарды бір уақытта ауруға шалдықтыра  алады.  Бруцеллездің  болжамы  өмір үшін қолайлы, алайда мезгілімен емделмеген жағдайда ауру созылмалы түрге ауысады.

         Егер сіз қарапайым санитарлық нормалар мен ветеринарлық талаптарды ескермесеңіз, бруцеллезді жұқтыру өте оңай.

        Бруцеллезді жұқтырмау үшін қарапайым ережелерді сақтаңыздар:

  • рұқсат етілмеген базарларда, аулаларда, жол жиектерінде мал өнімдерін (ет, сүт, сүт өнімдері) сатып алмаңыз. Бұл жерлерде өнім санитарлық бақылаудан өтпейді және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді;

        - базардан ет және сүт тағамдарын сатып аларда ветеринарлық зертханадан алынған сертификат сапасын сұраңыз;

  •  егер алынған етіңіздің сапасына күмәндансаңыз – оны кішкентай бөлшектермен 3 сағат қайнатыңыз;
  • сүтті пастерлеуді немесе қайнатуды ұмытпаңыз;
  • барлық сүт өнімдерін  (ұйыған сүт, ірімшік, айран, қаймақ, май)     пастерленген сүттен дайындалғаны дұрыс;
  • жануарларға күтім жасау, малды төлдету, сауу, қырқу кезінде жеке гигиена тәртіптерін сақтаңыз.

Анықтама: тоңазытқышта сақталған шикі сүтте бруцеллез қоздырғышы 10 күнге дейін, сары майда – 4 аптадан астам, үй ірімшігінде – 3 апта, брынзада  – 45 күн сақталады. Қатық пен қаймақта – 8 -15 күн, қымызда – 3 күнге дейін. Етте – 12 күнге дейін, сойылған ауру малдың  ішкі органдарында, сүйектерінде, бұлшық еттерінде және  лимфа түйіндерінде - бір ай немесе одан да көп сақталады. Ауру жұқтырған малдың  ет және сүт өнімдерін мұздатып қатырған жағдайда  бруцелла бактериалары сақтау мерзімі ішінде өміршең болып қалады.

Дата публикации
11 апреля 2023
Дата обновления
11 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы