Меню

Страницы

Статья

Байытылған ұнның пайдасы

        Бүгінгі күні технологиялық өңдеу нәтижесінде тағамның көп бөлігі пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Оларды қалпына келтірудің ең жақсы тәсілі байыту, атап айтқанда, ұнды  дәрумендер мен минералдармен байыту,  ұн өнімдері, әсіресе нан әр адамның күнделікті рационында қолданылатын өнім болып табылады.

          Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) ережелеріне» сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және сатылатын барлық жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұнын микроэлементтер және дәрумендермен міндетті түрде байыту қарастырылған.

         Ұнды байыту -  ұсақтау кезінде темір, фолий қышқылы, «В» тобының  дәрумендері және мырыш сияқты аз мөлшерде дәрумендер мен минералдардың енгізілуі, бұл өнімнің сапасы мен құндылығын арттырады.

          Элементтерді қосу, ұнның сапасын арттыруымен,  ұнның дәміне, басқа да қасиеттеріне әсер етпейді және жанама әсерлер тудырмайды.        Ұлт денсаулығы өмір салтына, ең алдымен дұрыс тамақтануға байланысты. Күнделікті рационда фолий қышқылы мен дәрумендердің жеткіліксіздігі темір тапшылығы анемиясының дамуына әкеледі.           Халықтың байытылған ұнды пайдалануы -  темір тапшылығы анемиясының алдын-алу шарасы болып табылады. Ұнды сатып алу кезінде тек сұрыпы мен сапасына ғана емес, сонымен қатар оның денсаулығыңыз үшін қажетті витаминдер және минералдармен  байытылғанына назар аударыңыз,сонымен қатар барлық үй шаруасындағы әйелдерге тамақ дайындау үшін байытылған ұнды қолдануды ұсынамыз.

       Осыған байланысты барлық ұн өндірушілері халықтың денсаулығын жақсартуға, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін және азаматтарды алиментарлық темірмен қамтамасыз етуді жақсартудың орынды және тиімді тәсілі болып табылатын, жоғары және бірінші сұрыптағы бидай ұнын витаминдер және минералдармен байыту керек.

Дата публикации
13 мая 2020
Дата обновления
13 мая 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы