Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

                    Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

  1.  Тергеп-тексеруді жүргізу негізі: 03.2026 жылы «Қызылша» жағдайы бойынша түскен №236 шұғыл хабарлама негізінде Астана қаласы, Алматы ауданы, Алмалы тұйық көшесі, 9 А  үй мекен-жайында орналасқан ««Aygulek» ЖШС жеке меншік  балабақшасы
  2. Тергеп-тексеруді жүргізуші бақылау және қадағалау мекемесі: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмады.
  4. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 11.03.2026 – 09.04.2026 жж. аралығы
  5. Тергеп-тексеруге жататын жеке және(немесе)заңды тұлғалар: Астана қаласы, Алматы ауданы, Алмалы тұйық көшесі, 9 А  үй мекен-жайында орналасқан «Aygulek» ЖШС жеке меншік  балабақшасы
  6.   Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтық нормативтік актілердің талаптарын бұзу себебі мен сипаты: тергеу барысында 07.04.2023 жылғы №62 "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 6-тарауы 2-тармағының; 01.09.2021 жылғы №ҚР ДСМ-95 "Желдету және ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 6-тарауы 3-тармағының бұзушылықтары анықталды; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 Бұйрығының "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 61 тарауы 4, 14 тарауы 2-параграф, 9 тарауы 137 тарауы, 128 тарауы 9 тармағы, 2-тараудың 16-тармағы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі №150 бұйрығының "Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 2-тармағы 14 тармақшасы
  7. 7. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және/немесе заңды тұлғалар:«Aygulek» ЖШС жеке меншік  балабақшасы
  1. Қолданылған шаралар: 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

 

Дата публикации
16 апреля 2026