Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеруді жүргізу негізі: 03.2026 жылы 4 «энтеробиоз» жағдайы бойынша Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№13 қалалық емхана» МКК-нан түскен №22, №23, №24, №25 шұғыл хабарламалар негізінде Астана қаласы, Алматы ауданы, Қ. Сәтпаев көшесі, 8/1 үй мекен-жайында орналасқан «№47 «Ақ желкен» балабақшасы» МКҚК.
- Тергеп-тексеруді жүргізуші бақылау және қадағалау мекемесі: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмады.
- Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 18.03.2026 – 16.04.2026 жж. аралығы
- Тергеп-тексеруге жататын жеке және(немесе)заңды тұлғалар: Астана қаласы, Алматы ауданы, Қ. Сәтпаев көшесі, 8/1 үй мекен-жайында орналасқан «№47 «Ақ желкен» балабақшасы» МКҚК.
- Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтық нормативтік актілердің талаптарын бұзу себебі мен сипаты: тергеу барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 Бұйрығының "Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 9-тарауының 135-тармағының , 9-тарауының 137-тармағының бұзушылықтары анықталды. ҚР ДСМ 16.05.2022 ж. №44 бұйрығының "Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 5-тарауының, 25 тармағы, 4 тармақшасы, 5, 5-тарауының, 26 тармағы, 4 тармақшасы, 5-тарауының, 22 тармағы, 1 тармақшасының бұзушылықтары анықталды .
- Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және/немесе заңды тұлғалар:«№47 «Ақ желкен» балабақшасы» МКҚК.
- Қолданылған шаралар: 425-бабы 1-бөлігі бойынша Астана қаласы әкімдігінің «№47 «Ақ желкен» балабақшасы» МКҚК -не әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.