Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 05 наурызындағы Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология және ішкі аурулар көпсалалы орталығы» ШЖҚ МКК-нан келіп түскен № 13 «Өкпенің инфильтративті туберкулезі, ыдырау және себілу фазасында, МБТ (+), сезімтал, жаңа жағдай» жағдайын тіркеу туралы шұғыл хабарлама.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 10.03.2026 ж. - 03.04.2026 ж. аралығы
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Центр семейного здоровья «Шипагер» ЖШС.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық қағидалар талаптарының бұзушылықтары анықталды, атап айтқанда: фтизиопульмонологиялық ұйымға және аумақтық бөлімшеге шұғыл хабарламаны жолдау қағидаларының сақталмауы, туберкулезді ерте анықтау талаптарының орындалмауы, сондай-ақ рентгенологиялық және бактериологиялық зерттеулерді қамтитын тексерудің уақтылы әрі толық жүргізілмеуі.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Центр семейного здоровья «Шипагер» ЖШС.
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, іс-шараларды көрсете отырып ұсыным берілді.