Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, МБТ (-), ДЗТБ-ға күдік. Жаңа жағдай. 2026 жылғы 18.02. №РН-40» жағдайының тіркелуі туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-нің 2026 жылғы 19 ақпандағы №21-24-20-4-12/213–И шығыс хаты (23.02.2026 ж. № Д-350 кіріс хат).
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 23.02.2026 ж.-19.03.2026 ж. аралығы.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы, Нұра ауданы, Қорғалжын тасжолы, 22-ғимарат мекенжайында орналасқан «Кәсіптік-техникалық колледж» ШЖҚ МКК-дегі Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК медициналық кабинеті.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
- Қабылданған шаралар: жоқ.