Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарлама Астана қаласы әкімдігінің «№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК –ң №184 «Қызылша» жағдайына келіп түсті. Науқас Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сейфуллин көшесі, 3 мекен-жайында орналасқан «Samal 111» балабақшасы «Айгулек 3» ЖШС - нің тәрбиеленушісі.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқарамасы РММ
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)тартылған: жоқ.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 26.02.2026 жылдан бастап 19.03.2026 жылға дейін
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сейфуллин көшесі, 3 мекен-жайында орналасқан «Samal 111» ЖШС, балабақшасы «Айгулек 3»
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық бұзушылықтар анықталмады.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
8. Қабылданған шаралар: жоқ