Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

                       Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 10 ақпанда №265, №265 Астана қаласы әкімдігінің «№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-нен келіп түскен қызылша жағдайының тіркелуі туралы шұғыл хабарламалар.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 12.02.2026 ж.-12.03.2026 ж. аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№ 111 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК, мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Төле би көшесі, 32.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
  8. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды.

 

 

Дата публикации
16 марта 2026