Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

                               Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Инфильтративный туберкулез легких в фазе распада, «Новый случай» МТ (+), ЛУТБ, КРЛ (273 дозы)» жағдайы тіркелуіне байланысты «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ-нің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 24-21-09-15/551-И шығыс хаты (2026 жылғы 12 ақпандағы № Д-126 кіріс) негізінде.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 16.02.2026 ж.-12.03.2026 ж. аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Қ. Құлажанов атындағы қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 37А.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
  8. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды.

 

 

Дата публикации
16 марта 2026