Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

                Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 10 ақпандағы «CITY емханасы» ЖШС-нен келіп түскен № 270 «Қызылша» жағдайын тіркеу туралы шұғыл хабарлама.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 11.02.2026 ж.-10.03.2026 ж. аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы», мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, А. Нұршайықов көшесі, 8.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
  8. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды.

 

 

Дата публикации
12 марта 2026