Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат
-
- Тергеп-тексеруді жүргізу негізі: Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК-дан әртүрлі мекенжайларда тұратын 8 баланың ішінің ауыруы және ас қорытуының бұзылуы бойынша жүгіну жағдайлары туралы ахуалдық ақпараты
- Тергеп-тексеруді жүргізуші бақылау және қадағалау мекемесі: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Қатысқан сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): қатыспады.
- Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 31.01.2026 - 25.02.2026жж. аралығы
- 5. Тергеп-тексеруге жататын жеке және(немесе)заңды тұлғалар: «Noble Foods» ЖШС "NNEF" қоғамдық қорының филиалы Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің асханасы.
- 6. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтық нормативтік актілердің талаптарын бұзу себебі мен сипаты:Тексеру барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 48, 51, 59, 62, 64, 95, 135, 286 тармақтарының талаптары сәйкес келмейтіндігі анықталды.
- 7. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және/немесе заңды тұлғалар:«Noble Foods» ЖШС "NNEF" қоғамдық қорының филиалы Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің асханасы
-
- Қолданылған шаралар: Алматы ауданы полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды; ЖДҚШ берілді.