Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:Бақылау мақсатында сатып алу қорытындысы бойынша тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу нәтижелері (ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалымен берілген №2260001216692178 16.02.2026 ж. зертханалық зерттеу хаттамасы).
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 02.2026-04.03.2026 ж. аралығы.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Magnum Cash Carry» ЖШС, №40 «Magnum Express» супермаркеті филиалы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Қабылданған шаралар: шара қолданылған жоқ