Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар: 2026 жылғы 20 қаңтардағы Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің шығыс хаты негізінде, Жамбыл облысы келіп түскен шұғыл хабарламаға сәйкес, 2026 жылғы 22 қаңтар мен 13 ақпан аралығында «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ студентінде туберкулез жағдайының тіркелуі бойынша эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізілді. Аталған жағдай қызмет көрсету аумағы бойынша «Astana Clinic» ЖШС-не қарайды.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқарамасы РММ
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)тартылған: жоқ.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 22.01.2026 жылдан бастап 13.02.2026 жылға дейін
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Ә. Молдагұлов көшесі, 29 А мекен - жайында орналасқан «Astana Clinic» ЖШС және Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 62 мекен-жайында орналасқан «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық бұзушылықтар анықталмады.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ