Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

                                Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ - нің 2026 жылғы 4 ақпандағы № Д-108 кіріс хатына (2026 жылғы 4 ақпандағы № 24-21-10-14/449--И шығыс хаты) сәйкес, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы» КМК-нен 2026 жылғы 14 қаңтарда келіп түскен «Босанғаннан кейінгі операциялық кезең, 13-тәулік. Жүктіліктің 38 апта + 4 күн мерзімінде жедел оперативтік босану (3-ші босану). Перикультит. Кіші жамбас қуысының гематомасы. Тубоовариалдық түзіліс? Пельвиоперитонит» № 3 шұғыл хабарлама негізінде.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 06.02.2026 ж. - 04.03.2026 ж. аралығы.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «University Medical Center» КҚ, «Ана мен бала орталығы», мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 32 ғимарат.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
  8. Қабылданған шаралар: жоқ.

 

Дата публикации
05 марта 2026