2026 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Денасаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алматы ауданының мамандарына мамандарына арналған «Лудомания: мемлекеттік қызметшілер арасындағы қауіптері, салдары және алдын алу шаралары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.
Іс-шара «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 153 Жарлығын іске асыру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және тәуелді мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде өткізілді.
Семинар барысында Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі өкіл Г.Ж. Тағаева және Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ж.К.Мейрамова баяндама жасады. Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік қызметті реттейтін заңнаманы қатаң сақтау қажеттілігіне, сондай-ақ халықаралық зерттеулер мен ішкі мониторинг деректері бойынша ойынға тәуелділік жасырын түрде қалыптасуы мүмкін, бірақ мемлекеттік қызметшілердің беделіне, тиімділігі мен заңдылығына ауыр зардаптар әкелетін тақырыптың өзектілігіне ерекше назар аударылды.
Семинардың қорытынды бөлімінде құқықтық және этикалық тәуекелдерге байланысты типтік жағдайларға талдау жүргізілді. Қатысушылар келіп түскен практикалық мәселелерді талқылап, қажетті түсініктемелер мен ұсыныстар алды.
Семинар соңында қатысушылар сұрақ қойып, пікірталасқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.