Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

                           Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    1.  Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар: Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасына, Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 20.01.2026 жылғы №24-21-08-22/253-И хабарламасы негізінде бала қайтыс болуына байланысты және «Қызылша» диагнозы қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Ақпаратқа сәйкес науқас, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Тлендиев даңғылы, 44/2 үй мекен – жайында орналасқан «KOKTAL KLINIC» ЖШС-не (БСН: 180540030669) тіркелген.
    2.  Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Сарыарқа ауданының  санитариялық-           эпидемиологиялық бақылау басқарамасы РММ.
    3.  Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)тартылған: жоқ.
    4.  Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 22.01.2026 жылдан бастап 19.02.2026 жылға дейін.
    5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Тлендиев даңғылы, 44/2 үй мекен – жайында орналасқан «KOKTAL KLINIC» ЖШС (БСН: 180540030669).
    6.  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық бұзушылықтар анықталмады.
    7.  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)  заңды тұлғалар: жоқ
    8. Қабылданған шаралар: жоқ

 

 

Дата публикации
04 марта 2026