Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

             Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Поликлиника CITY» ЖШС-нен 2026 жылғы 28 қаңтарда келіп түскен № 202 «Қызылша» жағдайының тіркелуі туралы шұғыл хабарлама.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 05.02.2026 ж. - 24.02.2026 ж. аралығы.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№ 99 «Бүлдіршін» бөбекжайы» МКҚК бөбекжай-бақшасы, мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Әйтеке би көшесі, 1.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
  8. Қабылданған шаралар: қабылданған жоқ.

05.02.2026 ж. бастап балабақшада № 43 «Қызғалдақ» мектепке дейінгі ұйымы жанындағы «Бүлдіршін» филиалы, БСН 100340005913 қызметін жүзеге асырады. Осыған байланысты, тағайындалған тергеп-тексеру тіркеуден алынып тасталуға жатады.

Дата публикации
03 марта 2026