Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ - нің 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 24-21-09-15/289-И (2026 жылғы 23.01.2026 күнгі № Д-55 кіріс хаты) Батыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ-нен келіп түскен студенттің диагнозын тіркеу фактісі (негізгі диагноз: Оң жақ өкпенің ыдырау фазасындағы инфильтративті туберкулезі МБТ (+) өтініші.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 28.01.2026 ж. - 10.02.2026 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Жұбанов көшесі, 7 мекен-жайында орналасқан «ESIL UNIVERSITY» мекемесі
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.