Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

                                            Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы әкімдігінің «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-нен 2026 жылғы 21 қаңтарда келіп түскен №161 «Қызылша» жағдайының тіркелуі туралы шұғыл хабарлама.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 26.01.2026 ж. - 20.02.2026 ж. аралығы.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№ 53 «Мерей» бөбекжайы» МКҚК бөбекжай-бақшасы, мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұмар Ханым көшесі, Комсомольский тұрғын алабы, 24.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
  8. Қабылданған шаралар: қабылданған жоқ.
Дата публикации
25 февраля 2026