Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

 

                                               Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеруді жүргізу негізі: 02.02.2026 жылғы «Вирусты гепатит» диагнозына түскен №24 шұғыл хабарлама.
  2. Тергеп-тексеруді жүргізуші бақылау және қадағалау мекемесі: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Қатысқан сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): қатыспады.
  4. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 03.02.2026 – 02.03.2026 жж. аралығы
  5. Тергеп-тексеруге жататын жеке және(немесе)заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
  6. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтық нормативтік актілердің талаптарын бұзу себебі мен сипаты: Жұқпалы аурудың тіркелуіне байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жыл 21 қыркүйектегі №150 бұйрығымен бекітілген «Халыққа профилактикалық егуді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының 1 тарау 6, 7 тармағы, 2 параграфтың 13 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жыл 26 майдағы № ҚР ДСМ - 44 бұйрығымен бекітілген «Вирусты гепатит және АИТВ инфекциясы бойынша санитарлық - эпидемияға қарсы, санитарлық – профилактикалық іс – шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының 2 тарау 1 параграф 4 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды.
  7. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және/немесе заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
  8. Қолданылған шаралар: 425 баптың 1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

 

Дата публикации
24 февраля 2026