Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

            Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 29 қарашадағы Астана қаласы әкімдігінің «№3 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-нен Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ж.Тархан көшесі, 16, мекен-жайында орналасқан «Астана қаласы әкімдігінің №  5 мектеп- гимназия»  ШЖҚ МКМ –нің оқушысында қызылша  жағдайы тіркелуіне   түскен  № 68 шұғыл хабарлама.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы  Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 03.02.2026 ж. - 09.02.2026 ж.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы, Байқоңыр ауданы,  Ж.Тархан көшесі, 16, мекен-жайында орналасқан  «Астана қаласы әкімдігінің №  5 мектеп- гимназия»  ШЖҚ МКМ
  1.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
  3. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.
Дата публикации
20 февраля 2026