Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

             Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеруді жүргізу негізі: «Astana Clinic» ЖШС-нен 06.01.2026 жылғы «Туберкулез» диагнозына түскен №6 шұғыл хабарлама
  2. Тергеп-тексеруді жүргізуші бақылау және қадағалау мекемесі: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Қатысқан сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): қатыспады.
  4. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 12.01.2026 - 10.02.2026 жж. аралығы
  5. Тергеп-тексеруге жататын жеке және(немесе)заңды тұлғалар: №34 «Ақбидай» балабақшасы МҚКК
  6. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтық нормативтік актілердің талаптарын бұзу себебі мен сипаты: №34 «Ақбидай» балабақшасы  МҚКК-сі Астана қаласы, Алматы ауданы, М.Жұмабаев көшесі, 1/1 үй мекен – жайында орналасқан, балабақшада жұқпалы аурудың тіркелуіне байланысты медициналық кабинетінде құжаттар қаралып, келесі ақаулар анықталды: бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жыл 09 шілдедегі № ҚР ДСМ -59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының 9 тарау 138 тармағын,  8 тарау 124 тармағын бұзу болып табылады.
  7. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және/немесе заңды тұлғалар: №34 «Ақбидай» балабақшасы МҚКК
  8. Қолданылған шаралар: 425 баптың 1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

 

Дата публикации
19 февраля 2026