Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы, ,бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы -336/2020 бұйрығының 1 тарау , 2 тармағын бұзу болып табылады.Вакцинация жағдайын талдау «Индиго» балабақшасында егілмеген балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау 10%-дан асатыны анықталды, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы -289/2020 бұйрығының 8 тармағын бұзу болып табылады.Желдету жүйесі балабақщада мөлдем жоқ, бұл 2021 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің -59«Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығының 53,54,55,57, тармақтарын бұзу болып табылады.Балабақшада балаларды күнделікті таңғы тексеру жүргізілмейді, бұл 2021 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің -59 «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 128 тармағын бұзу болып табылады.
Медицина қызметкері үшін жеке жұмыс орыны қарастырылмаған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің -59, 140-тармақ)