Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар: Астана қаласыны әкімдігінің «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» «Қызылша» диагнозымен түскен 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 39 шұғыл хабарлама негізінде.

2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Сарайшық ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқарамасы РММ

         3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)тартылған: жоқ

         4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 31.12.2025 жылдан бастап 28.01.2026 жылға дейін

         5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Шах-бала2» ЖШС балабақшасына БСН: 241140001756, мекенжайы: Астана қаласы, Сарайшык ауданы, А 91 көшесі, 17 үй 7 н.п.

         6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық актілерінің бұзушылықтар анықталған:

  1. «Бұлдыршың» тобында тізімге сәйкес 17 бала бар, оның ішінде 7 бала вакцинацияланған; балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациямен қамту 41,1% құрайды.

«Ботақан» тобында тізімге сәйкес топта 16 бала бар, оның ішінде 4 бала вакцинацияланған; балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациямен қамту 25% құрайды.

«Балапан» тобында тергеу кезінде топта 16 бала бар, оның ішінде 5 бала вакцинацияланған; балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациямен қамту 31,2% құрайды. Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-289/2020 «Жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тарауының 8-тармағын бұзу болып табылады.

  1. Жедел жұқпалы аурулармен байланыста болуды тіркеу журналы жүргізілмеген, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығының 12-қосымшасының талабын бұзу болып табылады. «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар». Сондай-ақ, санитарлық және эпидемияға қарсы алдын алу шаралары жүргізілмейді, атап айтқанда, «Ботақан», «Балапан» және «Бұлдыршың» топтарындағы байланыста болған балаларды медициналық бақылау туралы ақпарат жоқ, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» бұйрығының 9-тарауының 137-тармағын бұзу болып табылады.
  2. Балаларды таңертеңгі тексеру балабақша топтарында жүргізілмейді, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» ұйрығының 9-тарауының 128-тармағын бұзу болып табылады.

         7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)  заңды тұлғалар: «Шах-бала2» ЖШС балабақшасына БСН: 241140001756, мекенжайы: Астана қаласы, Сарайшык ауданы, А 91 көшесі, 17 үй 7 н.п.

  1. Қабылданған шаралар: Әкімшілік айыппұл салынды.

 

Дата публикации
11 февраля 2026