Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 26 қаңтардағы: Астана қаласы әкімдігінің «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-нен «Қызылша» жағдайының тіркелуі бойынша келіп түскен №154 шұғыл хабарламасы.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 28.01.2026-20.02.2026
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Балу» балабақшасы «Bolashaq-Ai» ЖШС.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық актілерін бұзу анықталған.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: 1.Вакцинациялау мәртебесін талдау барысында «Бөбек» және «Балапан» топтарында мектепке дейінгі ұйымға егілмеген балаларды қабылдау үлесінің 10%-дан асып кеткені анықталды, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-289/2020 «Жоспарлы профилактикалық егулерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау қағидаларын және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін бекіту туралы» бұйрығының 8-тармағын бұзу болып табылады.
- Балабақшада балаларға күн сайынғы таңертеңгі медициналық қарап-тексеру жүргізілмейді, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 «Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының 128-тармағын бұзу болып табылады.
- Қабылданған шаралар: №267115450000005 нөмірімен 2026 жылы 06 ақпанында әкімшілік құқық бұзушылық тағайындалды, 425 б., 1 б., 346000тг-қаражат көлемінде еңгізілді. Бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.