Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылғы 18 желтоқсандағы Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан түскен Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Республика даңғылы, 40 мекен-жайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «№1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК-не тіркелген науқаста туберкулез жағдайы тіркелуінің ақпараты негізінде.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы  Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Астана қаласының «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК фтизиатр дәрігері
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 23.12.2025 ж. - 20.01.2026 ж. аралығы
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:

Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Республика даңғылы, 40 мекен-жайында орналасқан  «Астана қаласы әкімдігінің «№1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК

  1.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталды.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Астана қаласы әкімдігінің «№1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК
  3. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша Астана қаласы әкімдігінің «№1 Қалалық емхана» " ШЖҚ МКК-не әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.

 

 

Дата публикации
06 февраля 2026