Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК-нен 29.12.2025 ж. «Қызылша?» жағдайының тіркелуі бойынша түскен № 48 шұғыл хабарлама.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 31.12.2026 ж.- 28.01.2026 ж. аралығы.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№88 Баян сұлу бала-бақшасы» МКҚК, мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Қыз Жібек көшесі, 40А ғимарат.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеу-тексеру барысында жобалық қуаттың сақталмауы, әрбір топтағы балалардың қозғалысын ескере отырып, қайта есептеуді (қайта бағалауды) одан әрі жүргізе отырып, балаларды жоспарлы профилактикалық егулермен қамтуды бастапқы есептеулерді (бағалауды) жүзеге асырмау, қызылшаға қарсы топтарда кем дегенде 90% ұжымдық иммунитетке қол жеткізу бөлігінде талаптарды орындамау бойынша бұзушылықтар, сондай-ақ дәрігердің денсаулық жағдайы туралы анықтамасынсыз үш және одан да көп күн болмаған балаларды қабылдау бойынша бұзушылықтар анықталды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: лауазымды тұлғасы.
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің «№88 Баян сұлу бала-бақшасы» МКҚК- нің лауазымды тұлғасы анықталған бұзушылықтар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, іс-шараларды көрсете отырып ұсыным берілді.