Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылау мақсатында сатып алу қорытындысы бойынша келіп түскен 30.12.2025ж. шығ. № 24-21-23-2-11/1050—И хаты (30.12.2025ж. кір. № 1701) («Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалымен берілген 2025 жылғы 3 желтоқсандағы №2250002186319136 зертханалық зерттеу хаттамасы).
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 08.01.2026 ж.-26.01.2026 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы бойынша №15 филиалы «Magnum Cash&Carry» ЖШС-нің «Magnum» гипермаркеті, мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 55Д.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Қабылданған шаралар: шара қолданылған жоқ.