Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы Сарайшық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 25.12.2025 ж. шығыс 24-21-28-4/1137--И (25.12.2025 ж. кіріс № 1611) хаты негізіндегі «Поликлиника «City» ЖШС-нен 23.12.2025 ж. түскен «Қызылша» жағдайының тіркелуі туралы № 24 шұғыл хабарлама.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 29.12.2025 ж.-23.01.2026 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Поликлиника «City» ЖШС, мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Қ.Мұхамедханова көшесі, 37А.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды.
.