Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы Сарайшық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 25.12.2025 ж. шығыс 24-21-28-4/1137--И (25.12.2025 ж. кіріс № 1611) хаты негізіндегі «Поликлиника «City» ЖШС-нен 23.12.2025 ж. түскен «Қызылша» жағдайының тіркелуі туралы № 24 шұғыл хабарлама.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 29.12.2025 ж.-23.01.2026 ж. аралығы
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Қ.Мұхамедханова көшесі, 37А.
  5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
  7. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды.

.

Дата публикации
26 января 2026