Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 17.12.2025 ж. шығыс № 21-24-20-4-12/1045-И (17.12.2025 ж. кіріс № Д-1526) хаты негізіндегі Астана қаласы әкімдігі «Қалалық жұқпалы аурулар орталығы» ШЖҚ МКК-нен 12.12.2025 ж. түскен «Қызылша» жағдайының тіркелуі туралы № 277 шұғыл хабарлама.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 19.12.2025 ж.-15.01.2026 ж. аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№115 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Күлтегін көшесі, 18.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Мектеп эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істейді.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№ 115 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  8. Қабылданған шаралар: бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметіне тыйым салу туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 15.01.2026 ж. № 1 қаулысын шығару түріндегі жедел ден қою шарасы қабылданды, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныс берілді.
Дата публикации
21 января 2026