Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 15.12.2025 ж. шығ. № 24-21-08-22/3972-И (15.12.2025 ж. № Д-853 кіріс хат) хаты негізінде Алматы қаласының «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК филиалынан 9.12.2025 ж. келіп түскен «Қызылша» жағдайының тіркелуі туралы № 93/7 шұғыл хабарлама.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 18.12.2025 ж.-13.01.2026 ж. аралығы.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «University Medical Center» корпоративтік қоры («Жүрек орталығы»), мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 38.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
- Қабылданған шаралар: жоқ.