Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:Бақылау мақсатында сатып алу қорытындысы бойынша тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу нәтижелері (ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалымен берілген 2025 жылдың 09 желтоқсанындағы №2250002186348977, 22500021863489776, №2250002186343500 зертханалық зерттеу хаттамасы).
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 26 желтоқсан – 2026 жылғы 13 қаңтар аралығында.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «SALEKZ» ЖШС.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Қабылданған шаралар: шара қолданылған жоқ.