Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

 

  1. 1. Тергеп-тексеруді жүргізу негізі: 2025 жылдың 11 қарашасындағы №ЖТ-2025-04130070 өтініш, Есіл ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасының 03 желтоқсандағы кіріс хат: 21-24-20-4-11/1008-И ақпараты, 2025 жылдың 28 қарашасында түскен №272 шұғыл хабарлама
  2. Тергеп-тексеруді жүргізуші бақылау және қадағалау мекемесі: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Қатысқан сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): қатыспады.
  4. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 05.12.2025 – 24.12.2025жж. аралығы

            5. Тергеп-тексеруге жататын жеке және(немесе)заңды тұлғалар: «Eurasia med денсаулық орталығы» ЖШС,  «Lucen Mуdical» медициналық орталығы.

  1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтық нормативтік актілердің талаптарын бұзу себебі мен сипаты: «Eurasia med денсаулық орталығы» ЖШС, «Lucen Mуdical» медициналық орталығы Астана қаласы, Алматы ауданы, Аманат көшесі,  2 үй мекен – жайында орналасқан, шағын эпидемиологиялық маңызы бар (иглотерапия) медициналық қызметінің,  обьектінің (эксплуатация)  қызметін хабарламасыз бастаған, бұл Қазақстан Республикасының 16.05.2014 жылғы  №202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2020 жылдың 30 қарашасындағы №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығының 17 бабын бұзу болып табылады. Персоналдың антисептикке қажеттілігін есептеу мүмкін болмады, себебі  «Тетрасепт» антисептигінде қолданудың басталған күні көрсетілмеген, бұл Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау минстрінің 2022 жылғы 02 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығы «Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу бойынша санитарлық – эпидемияға қарсы, санитарлық – профилактикалық іс – шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитарлы- эпидемиологиялық талаптар туралы» Санитарлық қағидаларының 2 қосымшаның 10 тармағының 2 тармақшасын бұзу болып табылады. Физиотерапия кабинетіндегі манипуляция үстелінде мақта тампондары зарарсыздандыру күні немесе стерильді орау материалының жарамдылық  мерзімі көрсетілмеген қаптамада сақталады, бұл Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау минстрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ68  бұйрығы «Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық қағидаларының 3 тарауы 55 тармағын бұзу болып табылады.Өндірістік бақылауды жүзеге асыру туралы іс – шаралар ұйымдастырылмаған, бұл Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау минстрінің 2023 жылғы 07 сәуірдегі № 62 бұйрығы «Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық қағидаларының 2 тарауы 6 тармағын бұзу болып табылады.

 7. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және/немесе заңды тұлғалар: «Eurasia med денсаулық орталығы» ЖШС,  «Lucen Mуdical» медициналық орталығы.

  1. Қолданылған шаралар: әкімшілік іс қозғалды; МОР берілді, бұзушылықты жою туралы ұсыныс берілді.

 

Дата публикации
13 января 2026