Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылғы 2 желтоқсанда «Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық көпбейінді балалар ауруханасы №3» ШЖҚ МКК-нен № 249 «Қызылша» жағдайының тіркелуі боцынша келіп түскен шұғыл хабарлама.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 04.12.2025 ж. - 24.12.2025 ж. аралығы.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№12 қалалық емхана» ШЖҚ МКК.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
- Қабылданған шаралар: жоқ.