Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

  1. 1. Тергеп-тексеруді жүргізу негізі: «Қызылша» жағдайы бойынша Нұра ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасынан келген ақпарат (кіріс хат 01.12.2025 ж. №1891-И), Сарыарқа ауданынан (кіріс хат 01.12.2025 ж. №1863-И) және 02.12.2025 жылғы №286, 02.12.2025  жылғы №284, 02.12.2025  жылғы №285 шұғыл хабарламалар негізінде «Astana Clinic» ЖШС қаралған 5 науқас: Алеудин Е.К, Еслямов Д.Н, Нышанбек К.Б, Бахытова М.М, Исаханов К.Ж.
  2. Тергеп-тексеруді жүргізуші бақылау және қадағалау мекемесі: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Қатысқан сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): қатыспады.
  4. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 04.12.2025 – 31.12.2025жж. аралығы

     5. Тергеп-тексеруге жататын жеке және(немесе)заңды тұлғалар: «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

  1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтық нормативтік актілердің талаптарын бұзу себебі мен сипаты: Қажымұқан көшесі,  11 үй, Қажымұқан көшесі,  13 үй мекен – жайы бойынша орналасқан нысандарда  желдету және ауаны баптау жүйесінің төлқұжат деректері ұсынылмаған – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жыл 12 қыркүйектегі № ҚР ДСМ -95 бұйрығымен бекітілген «Желдету мен ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының 2 тарау 1,2,4 тармақтарын бұзу болып табылады. Қажымұқан көшесі,  11 үй, «Б» блогы мекен-жайында орналасқан №605 нобель сыйлығы лауреаты аудиториясында желдету жүйесі жоқ (үш терезенің біреуі ғана ашылады) , №306 экономика факультеті кабинеті, №303 филиология кабинеті, №304 лингафон кабинеті, Қажымұқан көшесі,  13 үй мекен-жайында орналасқан компьютер кабинеті, сонымен қатар оқу кабинеттері желдетілмеген, көлденең желдету қарастырылмаған – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жыл 05 тамыздағы № ҚР ДСМ -76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»  Санитариялық қағидаларының 3 тарау 50,52 тармақтарын бұзу болып табылады. Қажымұқан көшесі,  11 үй, «Б» блогы мекен-жайында орналасқан үшінші және алтыншы қабаттардағы санитарлық тораптардың (ерлер, әйелдер), Қажымұқан көшесі,  13 үй мекен-жайында бірінші қабатта желдету жүйесі жұмыс істемейді –  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жыл 05 тамыздағы № ҚР ДСМ -76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»  Санитариялық қағидаларының 3 тарау 50 тармағын бұзу болып табылады. Қажымұқан көшесі,  11 үй, «Б» блогы мекен-жайында орналасқан №304 лингафон кабинетінде қабырға жабындарының ақаулары, компьютер кабинетінде терезе алды және қабырғаларында ақаулар анықталды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жыл 05 тамыздағы № ҚР ДСМ -76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»  Санитариялық қағидаларының 4 тарау 60, 61 тармақтарын бұзу болып табылады. Қажымұқан көшесі,  11 үй, «Б» блогы мекен-жайында тазалау құралдарын (шелек, шүберек) сақтайтын қосалқы бөлме бөлінбеген. Санитарлық тұрмыстық үй-жайларды тазалауға арналған жабдықтарда ескерту белгілері жоқ, мақсаты бойынша пайдаланылмайды (қоқыс шелегі үй-жайларды жоспарлы тазалау үшін пайдалынылады) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жыл 05 тамыздағы № ҚР ДСМ -76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»  Санитариялық қағидаларының 4 тарау 67 тармағын бұзу болып табылады. Қажымұқан көшесі,  11 үй мекен-жайында дезинфекциялық және жуғыш заттарды сақтауға арнайы орын қарастырылмаған, дезинфекциялау құралдары студенттерге қолжетімді жерде (дәретханада) сақталады  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жыл 05 тамыздағы № ҚР ДСМ -76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»  Санитариялық қағидаларының 4 тарау 66 тармағын бұзу болып табылады.

      7. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және/немесе заңды тұлғалар:«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

  1. Қолданылған шаралар: әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды

 

 

Дата публикации
31 декабря 2025