Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жұқпалы аурулар орталығы» ШЖҚ МКК келіп түскен «Жіті С вирусты гепатитін» тіркелуіне байланысты 04.11.25 ж. № 214 шұғыл хабарламасы бойынша Ж.Тәшенов көшесі, 20 мекен-жайында орналасқан "М32" ЖШС–нің стоматологиясында ем алған әуежайдың қызметкері туралы Нұра ауданы СЭҚБ  12.11.25 ж. № 976  ақпарат.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы  Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 26.11.2025 ж. - 10.12.2025 ж. аралығы
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: "М32" ЖШС стоматологиясы
  5.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
  7. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.
Дата публикации
22 декабря 2025