Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ - нің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 24-21-08-21/3627-И - (2025 жылғы 10.11.2025 күнгі № Д-753 кіріс хаты) Астана қаласы әкімдігінің «№3 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-нен келіп түскен қайтыс болған пациенттің диагнозын тіркеу фактісі (негізгі диагноз: «Бактериалды инфекция өте ауыр дәрежеде», қосалқы диагноз: «Қызылша ауыр дәрежеде, ықтимал жағдай») өтініші.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 10.11.2025 ж. - 04.12.2025 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Салауатты Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық қағидалардың бірқатар бұзушылықтары анықталды: инфекциялық ауру (қызылша) жағдайының тіркелуі туралы шұғыл хабарламаны уақтылы жібермеу, үй ошағында қарым-қатынаста болған адамдарды уақтылы және толық күнделікті медициналық бақылаудың болмауы, екпе туралы мәліметтерсіз 30 жасқа дейінгі қарым-қатынаста болған тұлғаларға қызылшаға қарсы шұғыл вакцинацияның жүргізілмеуі, қызылшамен ауырған науқастарға қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинацияның жүргізілмеуі, екпе алатын балалар ата аналарының профилактикалық егулерден ақпараттандырылған бас тартулары белгіленген нысанда ресімдемеу.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Салауатты Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін кәсіпкерлік субъектісіне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 425-баптың 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданды, сонымен қатар іс-шараларды көрсете отырып, ұсыныс берілді.