Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат

 1. Тергеп-тексеруді жүргізу негізі: Сарайшық ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасының МКБ А-22.9 диагнозы бойынша 2025 жылдың 10 қазанындағы № 1087 жүгінуі

  1. Тергеп-тексеруді жүргізуші бақылау және қадағалау мекемесі: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  2. Қатысқан сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): қатыспады.
  3. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 22.10.2025 - 19.11.2025жж. аралығы

            5. Тергеп-тексеруге жататын жеке және(немесе)заңды тұлғалар: «Эмирмед» денсаулық ғылыми зерттеу институты ЖШС.6.  Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтық нормативтік актілердің талаптарын бұзу себебі мен сипаты: Науқас Муратова Р. «Эмирмед» денсаулық ғылыми зерттеу институты ЖШС-на аса қауіпті инфекция «Сібір жарасына» ұқсас симптомдармен жүгінген кезде оқшаулау жасалынбаған және уақытылы диагнозды анықтау қамтамасыз етілмеген , бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы ҚР ДСМ-114 «Аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығының 12-тармағын бұзу болып табылады.Медицина қызметкерлері қолды өңдеуге арналған тері антисептикімен қамтамасыз етілмеген, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 6-тарауының 172-тармағын бұзу болып табылады.

3-қабатта орналасқан «таза» және «іріңді» таңу бөлмелерінің орналасуы 2023 жылдың 14 желтоқсанында берілген Z.01.X.KZ 01VWF00123718 санитарлық эпидемиологиялық қорытындыға сай келмейді,   травматология бөлімі құрамында орналасқан хирургиялық бағыттағы таңу бөлмелері факт бойынша 1-қабатта орналасқан, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 2-тарауының 15-тармағын бұзу болып табылады.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2022 жылдың 29 шілдесінде бекіткен бұйрығы ҚР ДСМ-68 «Дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалардың 74-бөлімі, 3-тарауы бойынша көп реттік қолданылатын медициналық құралдарды орталықтандырылған зарарсыздандыру ұйымдастырылмаған. 2025 жылдың 30 қазандағы 2250001016001550 дезинфекциялық заттарды зерттеу хаттамаасы бойынша «Дихлор» 0,03% жұмыс ерітіндегісіндегі белсенді хлордың мөлшері 0,03% асатыны анықталды, стандарт бойынша 0,015 % құрау қажет, бұл Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2022 жылдың 29 шілдесінде бекіткен бұйрығы ҚР ДСМ-68 «Дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалардың 1-бөлімі, 8-тарауын бұзу болып табылады.7. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және/немесе заңды тұлғалар:

 «Эмирмед» денсаулық ғылыми зерттеу институты ЖШС

  1. Қолданылған шаралар: әкімшілік іс қозғалды; МОР берілді.

 

 

Дата публикации
03 декабря 2025