Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2025 жылғы 19 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-нен шығыс № 25/1596-И (22.09.2025 ж. кіріс № Д-629) нозокомиалды инфекция жағдайы тіркелуіне байланысты келіп түскен өтініші негізінде.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 25.09.2025 ж. - 17.11.2025 ж. аралығы

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ШЖҚ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМК.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысындасанитариялық қағидалар талаптарының бұзылуы анықталды, атап айтқанда пациенттердің нозологиялар бойынша қозғалыс ағынын және өкпені жасанды желдету аппараттарының алынбалы бөліктерін дезинфекциялау және зарарсыздандыру талаптарын сақтамау, бактериялық сүзгілер мен трахеостоматикалық түтіктерді уақтылы ауыстырмау, медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияның тиісті жағдайларын инфекциялық бақылау комиссиясының есепке алмауы. Сондай-ақ, өндірістік бақылау шеңберінде зертханалық-аспаптық өлшеулер толық көлемде жүргізілмейді.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ШЖҚ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМК лауазымды тұлғасы.
  3. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында анықталған бұзушылықтар үшін лауазымды тұлға "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, іс-шараларды көрсете отырып, ұсыным берілді.

 

Дата публикации
27 ноября 2025